Қазақстан туралы ақпарат

26.06.2016

Сөйлесу тілі

Қазақстан Республикасы – көп ұлтты ел. Мемлекеттік тіл — қазақ тілі, бірақ орыс тілі тең дәрежеде, ұлтаралық қатынас тілі болып табылады. Республикаға келушілерге кейбір ерекшеліктерін ескерген жөн: Солтүстіктің тұрғындары көбіне орыс тілінде сөйлейді (өйткені Ресеймен шекаралас), ал Оңтүстік — қазақ тілінде сөйлейді. Туристік салада шет тілдерін білетін қызметкерлерге ерекше көңіл бөлінеді.

 

Валюта және ақшаны айырбастау

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы және (Т) деп белгіленеді. 200,500,1000,2000,5000,10000 банкнотттары қолданыста жүреді. Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат таңертеңгі 9.00-ден 18.00-ге дейін барлық банктер мен валюта айырбастау орындары жұмыс істейді. Сауда орталықтары, банктер және қонақүйлерде банкоматтарды тез табасыз. Төлем үшін халықаралық маңызы бар кредиттік карталар қолданылады.

 

Байланыс және ғаламтор

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары ел ішінде және «роумингта» арзан бағаларға, мобильді ғаламтор опциясын қосқанда сөйлесу үшін әртүрлі жоспардағы тарифтерді ұсынады. Beeline, Kcell, Tele2 және Activ ұялы байланыс операторлары танымал болып табылады. Пайдаланушылар үшін әуежайлар мен қонақүйлерде, вокзалдарда Wi-Fi ашық зоналары, интернет-кафелер бар.

 

Медициналық көмек

Шетелдік азаматтар үшін медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізімге сәйкес тегін ұсынылады. Штаттан тыс жағдай болған кезде, тізімге кірмейтін медициналық қызметтерге ақы төлеу шетелдік келушінің жеке қаражатынан жүргізіледі.

 

Жүргізуші құқығы

Жол қозғалысы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы Қазақстанда ратификацияланған. Осы құжатқа сәйкес келісуші тараптардың әртүрлі жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының аумағында күші бар болып есептеледі.